| Басты бет » Мақалалар |
| Каталогта барлық материалдар: 11 Көрсетілген материалдар: 1-10 |
Беттер: 1 2 » |
|
Таухидтің өзегі және ақиданың негізделуі дұрыс болған мәселе: Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, өлгеннен кейін қайта тірілуге және жақсылығы мен жамандығы Алладан болған халдегі тағдырға иман келтірдім, есеп-қисап, таразы, жәннат пен тозақтың барлығы ақиқат деп айту міндетті. Алла тағала сан жағынан емес, серігінің жоқтығы жағынан – бір. «Айт: Ол Алла – жалғыз. Алла – Самад (ешкімге мұқтаж емес, оған басқалар үнемі мұқтаж). Ол тумады, туылмады. Әрі оған тең келер ешкім болмады» («Ықылас» сүресі). Ол өзі жаратқан мақұлықтарының ешбіріне ұқсамайды, әрі жаратқандарының ешқайсысы оған ұқсамайды. Ол есімдерімен, зати (өз затына тән, заттық) және фиғли (іс-әрекеттік) сипаттарымен бар болған, бар бола береді де. Зати сипаттарына келсек, (олар) хаят (тірі болу), құдірет, ілім, кәлам (сөйлеу), сәмғ (есту), басар (көру) және ирада (қалау, ерік). Ал фиғли сипаттарына келер болсақ, тахлиқ (жарату), тарзиқ (ырыздық беру), иншә (жоқтан бастау), ибдағ (өрнексіз, ұқсассыз алғаш жарату), сунғ (көрнекті етіп жарату) және т.б. іс-әрекетке қатысты сипаттар.
Мақалалар |
Қаралды: 212 |
Автор: Арабшадан аударған:Қанат ЖҰМАҒҰЛОВ, |
Жариялаушы: isan |
Мерзімі: 14.07.2011
| ПІКІР БІЛДІРУ (0)
|
|
«Лә' иләһә' иллаллаһу Мұхаммадүр Расулұллаһ», мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі». Міне осы кәлиманы тілімен айтып, мағынасына жүрекпен сену – иман келтіру, сөйтіп оны өзіне басты ұстаным етуі - «Таухидке» амал етуі болып табылады. Бұл «Таухидтің» алтын негізі. Ал енді, оның шарттары туралы айтар болсақ, «Лисанүл-араб» кітабында былай түсінік берген:
Мақалалар |
Қаралды: 141 |
Автор: Оразбай Зәріпбай |
Жариялаушы: isan |
Мерзімі: 07.07.2011
| ПІКІР БІЛДІРУ (0)
|
|
Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн - Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Бұл жағдайда ол сан одан да өсуі мүмкін. |
|
Жаратушы Аллаһ Өзінің жаратқандарына түрлі нығметтер сыйлаған. Соның ішінде адамдар үшін ең қажетті де, ең қымбаттысы - ол екі көзге көру қабілетінің берілуі. Жаратушы Аллаһ айтады: «Аллаһ тағала сендерді аналарыңның ішінен еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине шүкірлік етерсіңдер!» («Нахыл» сүресі, 78-аят). Адам баласы көзінің көру қабілеті жақсы кезінде көбінесе бұл өзіне берілген ұлы сыйдың қадірі туралы ойланып та жатпайды. Көру қабілетінің арқасында адам әлемді көріп, нәпақасын тауып, білім алады. Бірақ, көбіне бұл сыйды басқа бір нәрселерге, тыйым салынған істерге, нәпсіқұмарлыққа пайдаланады. Алғашқы қадам кездескен бөгде бір адамға көз салу болып табылады. Құранда Аллаһ тағала: «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы сұралады» («Исра» сүресі, 36-аят) ,- дейді. |
|
|
|
Шынымды айтсам, дінге қатысты менің ұстанымдарым кездейсоқ оқиғалармен байланысты. Бұл үшін ұялуым керек шығар. Ойымды ірікпей жазып отыруымның себебі де сол. |
|
1969 жылдың 16 маусымы. Сағат 9:31. Флориданың ыстық ауасына қарамай, 55 өлкедегі 3мың 493 қызметкер және 1 миллионға жақын адам бірнеше километр қашықтықтағы аспан кемесінің ұшуын күтуде. Бірақ бұл тарихи уақиғаға қызығушылар тек бұлар емес, бұл жағдай әлемдегі 100 миллионға жақын адамды ойландыруда еді. Бұндай қызығу тудырған уақиға не болоды екен? Бұл сұрақтың жауабын астронавттардың ұстазы болған Вернхер Ван Броуннан есітейік: - Осы уақытқа дейін Айға қарап адамсыз кеме ұшыруларымыз бізге бірталай мағлұматтарды берген еді. Тек Нейл Армстронгтың айға қойған алғаш қадамдары адамзат дамуының кезекті бір сатыға көтерілгенінің дәйегі еді. Сағат 9:32. «Аполло-ІІ»-нің күшті сатурн маторларынан шыққан от пен түтін айға бірінші рет аяқ баспақ болған астронавттардың(Нейл Армстронг, Эдвид Олдринг және Мишел Коллинс) кемесін Жер орбитасынан алып шықты. «Аполло-ІІ» ұшуынан соң 102 сағат 47 минут өтіп, айға жеңіл қонды және Нейл Армстронг 9 дана баспалдақтан түсіп Айға бірінші рет аяқ қойды. Бірақ Армстронгдің арадан 14 жыл өтіп, 1983 жылдың ақпан айында қол жеткізген жетістігі бұдан әлдеқайда жоғарырақ еді. |
|
Мысырдың ал-Асқар қаласының халқы осы күндері өз қалаларында болған бір илахи мұғжизаға таң қалуда. Бұл қалада тұратын бір жігіттің 19 жылдан бері көзі көрмей, Мысырдың тәжірибелі докторлары да емін таба алмай келген еді. Сол адамның жақында бірден көзі ашылып,қайтадан көре бастапты. Бұл болған ғажайып уақиға Мысырлық азамат Хассоний Фамийдің өмірінде болып өтті. Ол Рамазан айында, тахажжуд намазын оқып тұрғанда бірден көзінде нұр пайда болып, қайтадан көре бастаған. |
|
Құрметті мұсылман бауырлар! Алла тағала адам баласын жаратқаннан кейін, оларды қараусыз қалдырмаған. Өзінің таңдаулы құлдары болған пайғамбарларды жіберіп, оларға тура жолды нұсқаған. Солар арқылы жақсы мен жаманды, әділдік пен зұлымдықты, ақ пен қараны ажыратуды үйреткен. Алайда адам баласы үнемі пайғамбарларына бой ұсынып, солар көрсеткен жолмен жүрді дей алмаймыз. Пайғамбарымыздың көзін көріп жүрсе де, түрлі зұлымдықтар мен ұятсыз істерге бой алдырғандар көп болды. Ал пайғамбарлар өткеннен кейін жаман әрекеттерге беріліп кеткендер тіпті көп болды. Құранда: فَخَلَفَ مِن بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضَاعُوا الصَّلَاةَ وَاتَّبَعُوا الشَّهَوَاتِ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا «Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады»,[1] деген |
|
«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – «сыйлық», «үкім», «есеп», «жаза», «мойынсұну», «бағыну», «құлшылық», «шариғат», «заң», «жол», тіпті кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал «діннің» терминологиялық мағынасын, Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Аллаһтың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері т.б. |

